ВКК: Цифрлық жарнама мен мектепке дейінгі мекемелерге арналған жаңа стандарттар енгізіледі

1386
Фотосурет: UKIMET

Ведомствоаралық комиссия кәсіпкерліктің өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды DKnews.kz.

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырысқа мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының және салалық бірлестіктердің өкілдері қатысты. Қатысушылар бизнестің түрлі саласындағы реттеуді жетілдіру бойынша ұсыныстарды, сондай-ақ нормативтік талаптардың тиімділігін арттыру тетігін талқылады.

Ведомствоаралық комиссия отырысының қорытындысы бойынша уәкілетті мемлекеттік органдар мен Комиссияның басқа да қатысушылары ұсынған қорытындылар мен ұсыныстар ескеріле отырып, қаралған барлық мәселелер бойынша реттеушілік талдаулардың нәтижелері мақұлданды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -