Бөгде адамдардың атына несие рәсімдеп, ақша бопсалаған: Балқашта ОПГ-ға қарсы арнайы операция өтті

2365
Фотосурет: Gov

Қарағанды облысында бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қарағанды облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері прокуратурамен және ҰҚК-мен бірлесіп, Балқаш қаласында арнайы жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізді.

Нәтижесінде қала тұрғындарын қорқыту арқылы ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топтың мүшелері ұсталды. Жедел іс-шара барысында полиция бөліміне 13 адам жеткізілді, олардың сегізі уақытша ұстау изоляторына қамалды.Тергеу барысында күдіктілердің тұрғындардан 800 мыңнан 8 миллион теңгеге дейін ақша бопсалағаны, сондай-ақ жәбірленушілердің атынан заңсыз түрде несие рәсімдегені анықталды.

Арнайы операция барысында полиция қызметкерлері 23 тінту жүргізіп, 26 ұялы телефон, жеті пышақ, бес автокөлік, екі миллион теңгеден астам қаражат, есірткіге ұқсас зат салынған төрт пакет және қылмыстық әрекеттерге қатысты басқа да айғақ заттар тәркіленді.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Шұғыла Тұрлыбек

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -