Шымбұлақта Халықаралық шахмат күні

2882
Фотосурет: KazChess

20 шілде күні сағат 11:00-де Шымбұлақ курортында Халықаралық шахмат күніне орай жарқын мерекелік шара өтеді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Іс-шара 12 жасқа дейінгі кадеттер арасындағы Әлем чемпионатына серпін береді. (Шара 19-30 қыркүйек аралығында Алматыда өтеді). Шымбұлақта қонақтарды әсерлі шахмат инсталляциясының ашылуы және жас дарындарға арналған блиц-турнир күтеді.

Басты арт-нысан – Minecraft стиліндегі алып ат фигурасы. Ол шахмат классикасы мен заманауи цифрлық стильді үйлестіреді – фото және әлеуметтік желіге арналған мінсіз нысан. Қазақстан Шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов құттықтау сөз сөйлейді.

Бағдарламада:

  • Инсталляцияның салтанатты ашылуы
  • Жас шахматшыларға арналған жеке блиц-турнир бар.

Шара шахмат, өнер және тау көріністерін сүйетін жандарды мерекелік атмосферада біріктіреді. Инсталляция курорт қонақтарына кадеттер арасындағы Әлем чемпионаты аяқталғанға дейін қолжетімді болады.

Қыркүйек айында әлем чемпионатына қатысушылар Шымбұлаққа келіп, естелік мүсінге алақан ізін қалдыра алады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -