Қазақстандықтар триатлоннан жастар арасындағы Азия кубогында екі медальға қол жеткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.
19-20 шілде аралығында Малайзияның Кампар қаласында триатлоннан жастар арасындағы Азия кубогы өтіп жатыр.
Отандастарымыз жарыстың бірінші күнінде жеңіс тұғырына көтерілді.
Рамазан Айнегов 00:58:46 уақыт көрсеткішін тіркеп, чемпион атанды. Тағы бір жерлесіміз Елмұрат Қанай 00:59:02 нәтижемен үшінші орынды иеленді. Ал күміс жүлде Сеймур Энтониге (Түркия) бұйырды - 00:58:56.
Айта кетейік, аталмыш жарысқа 15 елден 60 спортшы қатысуда.