Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының ерлер арасындағы ХХХI, әйелдер арасындағы ХI және жасөспірім ұлдар арасындағы XIV жазғы чемпионаттарының қорытынды кезеңі аяқталды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Тобыл қаласының «Затоболец» стадионында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының ерлер арасындағы ХХХI, әйелдер арасындағы ХI және жасөспірім ұлдар арасындағы XIV жазғы чемпионаттарының төртінші жарыс күні өтті.
Жарыс өрт мотопомпасынан жауынгерлік қанат жаю дисциплинасы бойынша өткізілді. Төртінші кезең қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.
Ерлер арасында жүлдегерлер:
- 1 орын - Қызылорда облысы, 25,74 секунд
- 2 орын - Ақтөбе облысы, 25,86 секунд
- 3 орын - Жетісу облысы, 26,0 секунд
Әйелдер арасында жүлдегерлер:
- 1 орын-Астана қаласы, 24,78 секунд жаңа РЕКОРД
- 2 орын-Ақтөбе облысы, 26,89 секунд
- 3 орын-Батыс Қазақстан облысы, 27,70 секунд
Жасөспірім ұлдар арасында жүлдегерлер:
- 1 орын - Шығыс Қазақстан облысы, 20,29 секунд
- 2 орын - Ақмола облысы, 20,35 секунд
- 3 орын - Ақтөбе облысы, 21,08 секунд