Бублик Гштаадтағы турнирдің финалына шықты: 11 эйс және аз қателікпен ойын көрсетті

1287
Фотосурет: ҚТФ баспасөз қызметі

Александр Бублик Швейцариядағы турнирдің финалына шықты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 34-ракеткасы Александр Бублик Гштаад (Швейцария) ATP 250 турнирінің финалына өтті. 

Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші жартылай финалда дүниежүзілік рейтингіде 116-орында тұрған франциялық Артур Казомен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда Бублик екі рет брейк жасап, айқын басымдылық танытты – 6:1. Екінші сетте есеп 5:5 болған мезетте қазақстандық спортшы брейк жасай білді. Содан кейін матчты жеңіспен түйіндеді – 7:5. Бір сағат 12 минутқа созылған бәсекеде Бублик 12 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың үшеуін мүлт жіберген жоқ.

Александр Бублик финалда әлемнің 109-ракеткасы, аргентиналық Хуан-Мануэль Серундоломен чемпиондық атақты сарапқа салады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -