2025 жылғы 20 шілдеде Алматыдағы Шымбұлақ тау-шаңғы курортында ерекше арт-нысан – Minecraft стилінде жасалған шахмат атының тұсауы кесілді.
KazChess
Қолмен дәнекерленген қалыңдығы 1,5 мм болат сегменттерден жасалған фигура шахмат дәстүрі мен цифрлық эстетиканың синтезін білдіреді, деп хабарлайды DKnews.kz.
KazChess
Пиксельдік дизайн жастар жақсы білетін әйгілі ойынды еске түсіреді және зияткерлік спортқа креативтік көзқарасқа баса назар аударады. Инсталляция 2025 жылғы 19-30 қыркүйекте Алматыда өтетін U8–U12 кадеттер арасындағы шахматтан әлем чемпионатына жөн сілтейді.
KazChess
Ашылу салтанатында Қазақстан шахмат федерациясының (KazChess) президенті Тимур Турлов сөз сөйледі.
KazChess
«Біз шахмат туралы мектеп мен спорт залдарында ғана емес, тау курорттарында, көшелерде, саябақтарда да сөз қолғалғанын қалаймыз. Осынау зияткерлік спорт Қазақстанның туристік және мәдени бейнесінің бір бөлігіне айналсын. Қыркүйек айында Алматы қаласы кадеттер арасындағы әлем чемпионатын қабылдайды. Бұл мәртебе, біздің ұйымдастырушылардың танылуы және үлкен мүмкіндік. Біз дүние жүзінің түкпір-түкпірінен жүздеген жас шахматшы келеді деп күтіп отырмыз және оларға жоғары деңгейдегі турнир мен жарқын әсер сыйлауға дайынбыз» Тимур Турлов
DKnews.kz
Шымбұлақтың директоры Ринат Әбдірахманов және Тимур Турлов инсталляцияның алдындағы таспаны қиды.
KazChess
Сонымен қатар іс-шара шеңберінде жас шахматшылар арасында блиц-турнир өтті. Қазақстан шахматының жұлдызы Елназ Қалиахмет тілек білдірушілердің барлығына бір мезгілдегі ойын сеансын өткізді.
DKnews.kz
Қатысушылар Вашингтонда өтетін мектеп командалары арасындағы әлем чемпионаты мен Алматы қабылдайтын кадеттер арасындағы чемпионатқа арнап бейнеүндеу түсірді. Инсталляция қыркүйек айының соңына дейін Шымбұлақта тұрады, ал чемпионатқа қатысушылар оған қолдарының іздерін қалдыра алады.
DKnews.kz
Кадеттер арасындағы әлем чемпионаты 2025 жылғы 19-30 қыркүйек аралығында Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өтеді.
DKnews.kz
Жарыс U8, U10 және U12 жас санатындағы ұл балалар мен қыз балаларды қамтиды. 70+ елден 700-ден астам қатысушы келеді деп күтілуде.
KazChess
Қазақстан намысын мықты команда: ел чемпионатының жүлдегерлері, рейтингі жоғары ойыншылар және өңірлердің өкілдері қорғайды. 2024 жылы Монтесильвано қаласында қазақстандық кадеттер екі алтын медаль (Аланна Берікқызы, G10; Марк Смирнов, O12) және күміс жүлде (Ханзада Аманжол, G12) жеңіп алып, медальдық есепте бірінші орынға шықты.
KazChess
Қазақстанның ірі шахмат турнирлерін ұйымдастырушы ретіндегі беделі нығайып келеді. Алматы бұған дейін рапид пен блиц бойынша әлем чемпионаты (2022) және жастар арасындағы Азия чемпионатын (2024) қабылдаған.
KazChess
ФИДЕ дайындық деңгейіне жоғары баға берді. 2025 жылғы чемпионат қазақстандық шахматқа назар аударып, жас ойыншыларға әлемнің үздік шахматшыларымен бәсекеге түсуге мүмкіндік береді.
KazChess