Астанада Сығанақ көшесі уақытша жабылды

1496
Фотосурет: DKnews

“Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы” ММ Сығанақ көшесіндегі жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы хабарлайды:

  • Қабанбай батыр даңғылынан Қазақ раиосына дейін;
  • Қазақ радиосынан Сауран көшесіне дейін.

Осыған байланысты ағымдағы жылдың 20-25 шілде аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс толығымен жабылатын болады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -