300-ден аса запастағы әскери қызметші әскери жиынға қатысып жатыр, деп хабарлайды DKnews.kz.
"Мәтібұлақ" полигонында әскери міндеттілермен жиын өтуде. Іс-шаралар Гвардейск гарнизоны 22326 әскери бөлімінің базасында Алматы, Жамбыл облыстары мен Алматы қаласынан келген әскери міндеттілерге ұйымдастырылды.
Жиынға бұрын мерзімді әскери қызмет өткерген 370-тен астам қазақстандық қатысып жатыр. Іс-шаралар әскери дайындалған ресурстарды дайындауға және жинақтауға, әскери дайындықтан өткен қажетті резервті әзір ұстауға, сондай-ақ қажет болған жағдайда жауынгерлік қолдануға дайындықты қамтамасыз етуге бағытталған.
"Оқу жиыны бір айға созылады. Оқытудағы басты назар практикалық сабақтарға аударылады. Әскери міндеттілер тактикалық, атыс және саптық дайындық дағдыларын жетілдіріп, бөлімшелер құрамында іс-қимылдарды пысықтап, бірыңғай сапта жұмыс істеуді үйренеді" Жиын жетекшісі, Гвардейск гарнизонының бастығы полковник Файзулла Досанов
Барлық қатысушылар бақылау сынақтары мен емтихандардан өтеді. Бағдарламаны өзінің әскери-есептік мамандығы бойынша сәтті меңгерген әскери міндеттілерге кезекті әскери атақ берілетін болады.
"Әскерде борышымды өтегенмін, бірақ уақыт өте келе дағдылар ұмытылады, ал мұндай жиындар машықты қалпына келтіруге және жетілдіруге көмектеседі. Жиынға еш ойланбастан келдім. Отан алдындағы борышым – оны қорғауға дайын болу деп санаймын" Жиынға қатысушы Ернар Маутханов
Жиынға қатысушылар барлық қажетті заттармен қамтамасыз етілген.
Әскери бөлімге дейін және кері қайту жолындағы уақытпен қоса, жиын өтетін барлық кезеңде әскери міндеттілердің жұмыс орындары мен атқаратын лауазымдары сақталады. Сонымен қатар, оларға республикалық бюджет есебінен орташа айлық жалақы төленеді.