Ақтауда Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы ұлын әскерге аттандырды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Ақтауда Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бастығы, полковник Таңбаев Нұрлан Шораұлы, өзінің ұлын мерзімді әскери қызметке жіберді. Жас жігіт ҚР Қарулы Күштерінің қатарына қабылданды.
Салтанатты шығарып салу рәсімі Маңғыстау облысының Қорғаныс істер жөніндегі департаментінің жинақтау пунктінде өтті. Департамент басшысы ұлын өз қолымен шығарып салып, әскерге шақырылған өзге жас сарбаздармен бірге әкелік және азаматтық тілегін білдірді.
"Бүгін мен тек әскери қызметші емес, ең алдымен әкемін. Әскерде қызмет ету — әрбір азаматтың борышы. Ұлымды әскерге шығарып салып, өзімнің принциптік ұстанымымды көрсеттім. Армия — бәріне ортақ мектеп" Полковник Нұрлан Таңбаев
Бұл оқиға тұрғындар арасында кеңінен талқыланып, көпшілікке үлгі болуда. Қорғаныс департаменті басшысы ұлын әскерге жіберу арқылы ел алдындағы жеке жауапкершілігін айқындады. Айта кетейік, 2025 жылдың көктемгі шақырылымында Ақтаудан 1500 жуық жас сарбаз мерзімді әскери қызметке жөнелтілді. Бәрі медициналық комиссиядан және кәсіби іріктеуден өтіп, ҚР Қарулы Күштерінің әртүрлі бөлімдерінде борышын өтейтін болады.