Оралда иісшіл иттердің үздігі анықталуда

1738
Фотосурет: Ұлттық ұлан

Орал қаласындағы ҚР Ұлттық ұланының “Батыс” өңірлік қолбасшылығына қарасты 5517 әскери бөлімінің базасында қызметтік-іздестіру иттерінің шеберлігін сынауға арналған сайыс басталды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Аталмыш жарысқа еліміздің батыс өңірлерінен – Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Жаңаөзен және Орал қалаларында орналасқан Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінен келген кинолог мамандар қатысуда. Сайыс барысында қызметтік иттер бірнеше кезеңнен тұратын жаттығулар бойынша өз мүмкіндіктерін көрсетеді.

Мамандар иттермен бірге арнайы жабдықталған жаттығу алаңдарында есірткі, жарылғыш заттар мен атыс қаруы сынды тыйым салынған заттарды іздеп тауып, олардың дайындық деңгейін паш етеді. Жаттығулар нақты жағдайға барынша жақындатылған – иттерге қоймалардан, көлік құралдарынан және әртүрлі нысандардан жасырылған заттарды табу тапсырмасы жүктеледі.

Бұл шара – кинологтар арасында тәжірибе алмасуға, кәсіби шеберлікті арттыруға және қызметтік иттердің шынайы жағдайда әрекет ету қабілетін бағалауға бағытталған маңызды бастама. Жарыс жеңімпаздары мен үздік қызметтік жұп 26 шілде күні өтетін марапаттау рәсімінде анықталады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -