Павлодарда бала күнгі жолдасына тыйым салынған заттарды лақтырмақ ер адам ұсталды

2233
Фотосурет: DKnews

Павлодар қаласында түрме аумағына бірнеше ұялы телефон лақтырмақ болған күдікті ұсталды, деп хабарлайды DKnews.kz.

№46 түзеу мекемесінің қызметкерлерімен бірге Ұлттық ұланның 6679 әскери бөлімінің бақылау қызметінің взвод командирі тыйым салған аймақтың бірін торауылдау кезінде бүркемелі қоршаудың сыртқы жағынан ішке қарай белгісіз заттарды лақтыруға әрекеттенген В.  есімді азаматты  қолға  түсіреді.

Тексеру барысында Өскемен қаласының тұрғыны бала күнгі жолдасына тыйым салынған заттарды лақтырмақ болғанын баяндады. Ер адам түзеу мекемесіне «Vivo» және «Nokia» маркалы смартфондармен және қуаттау құрылғысын  лақтырмақ  болғаны анықталды. 

Тыйым салынған заттар жедел түрде тәркіленіп, акт жасалып, құзырлы органдарға тапсырылды. Бұған дейін ер адам сол мекемеде жазасын өтеген.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -