Бала бақшаға бармағандар үшін де мүмкіндік бар: «Балақайлар мектебі» 1-сыныпқа дайындайды

2277
Фотосурет: freepik.com

90 мыңға жуық бала бірінші сыныпқа баратын балаларға арналған мектепалды даярлықтан өтеді – елде «Балақайлар мектебі» бағдарламасы жүзеге асырылуда

Жазғы каникул кезінде бірінші сынып алдында балалардың бастапқы мүмкіндіктерін теңестіру үшін қысқармерзімді «Балақайлар мектебі» бағдарламасы ұйымдастырылды. Бұл бастама елімізде осымен екінші жыл қатарынан жүзеге асырылып келеді - деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Бағдарлама мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандартына сәйкес әзірленген және мектепке дейінгі білім мен бастауыш мектеп арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етеді. Ол балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының барлық бағыттары бойынша мектепке дайындауға мүмкіндік береді.

Бағдарлама Мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру стандартына сәйкес әзірленді. Ол мектепке дейінгі білім беру мен бастауыш мектеп арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етеді, балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының барлық бағыттары бойынша мектепке алдын ала дайындауға мүмкіндік береді.

«Жаз маусымының екі айында қысқа мерзімді мектепалды даярлық курстары шамамен 25 мыңға жуық баланы қамтыды. Оқыту мерзімі бір айға есептелген. Сабақтар күн сайын 30 минуттан, 10 минуттық үзілістермен өтеді. Балаларға бастауыш сыныптың білікті мұғалімдері немесе мектепалды даярлық педагогтері сабақ береді. Әсіресе, балалардың физикалық, коммуникативтік, зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларын дамытуға, сондай-ақ мектепке деген оң көзқарас қалыптастыруға баса назар аударылады» Мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Манар Адамова

Тамыз айында шамамен тағы да 5,3 мың топ құрып, 65,2 мың баланы қамту жоспарлануда. Осылайша, биылғы жазда қысқа мерзімді мектепалды даярлық курстарымен 90 мыңға жуық бала қамтылады.

Айта кетейік, «Балақайлар мектебі» бағдарламасын ұйымдастыру – осыған дейін балабақшаға бармаған балалар үшін мектепке дейінгі білімге қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -