Семейдегі Абай музейінде Яссауи мұрасына арналған көрме ашылды

2739
Фотосурет: Gov

Семейде «Абай әлемі және Ясауи» атты көрме өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында «Әзірет Cұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығымен бірлесе ұйымдастырылған «Абай әлемі және Ясауи» көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Іс-шара Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы қарсаңында, ақын мұрасын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Көрме «Ұлағатты өлке – Абай, ұлылар мекені – Семей» атты ауқымды акция-челленджімен тұспа-тұс келді. Сонымен қатар түркі әлемінің ұлы ұстазы Қожа Ахмет Ясауи мұрасы да көпшілік назарына ұсынылды.

Көрме экспозициясына Абай Құнанбайұлына қатысты музей қорындағы қолжазбалар, естеліктер, музыкалық аспаптар, фотосуреттер және ғұлама-данышпан Қожа Ахмет Ясауидің ғибратты ғұмыры мен өміршең мұрасын айшықтайтын майлы бояулы суреттер, XIX ғасырларға тән сирек қолжазбалар көпшілік назарына ұсынылды. Көрмеге қойылған бірегей жәдігердің бірі көне түркі тіліне аударылған Х ғасырдың қолжазба құран кітабы болды.

Көрменің мақсаты – А.Құнанбайұлының 180 жылдығына орай ақынның өмірі мен шығармашылығын, мол мұрасын насихаттау және Қожа Ахмет Ясауи еңбектерін музей-қорық қорындағы экспонаттар арқылы таныту. Көрме 2025 жылғы 15 тамызға дейін жалғасады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -