Мас күйде көлік жүргізгені үшін – 4 жыл түрме және өмір бойы жүргізу құқығынан айырылды

2255
Фотосурет: Gov

Жүргізуші куәлігінен айырылған ер адам алкогольдік мас күйінде автокөлік тізгінін ұстаған, деп хабарлайды DKnews.kz.

Полиция қызметкерлері тоқтату талабын қойған кезде, ол заңды талапқа бағынбай, оқиға орнынан бой тасалауға тырысқан.

Қашу барысында бірнеше рет жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, айналадағы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді.

Қылмыстық әрекет патрульдік автокөлікпен соқтығысумен аяқталды.

Бұзақы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан және өмір бойы көлік басқару құқығынан айырылды.

Келтірілген материалдық шығын сотталушымен толық көлемде өтелді.

Прокуратура ескертеді:

Көлік жүргізу құқығынан айырылған адамның алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық мас күйінде көлік басқаруы, сондай-ақ мұндай адамға көлік құралын басқаруға мүмкіндік беру — Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айыра отырып 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына алып келеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -