Қазақстан азаматы кибершабуылдар және криптовалютаны бопсалау үшін ұсталды

2519
Фотосурет: Gov

Осы жылдың шілде айында Алматы қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас прокуратураның үйлестіруімен шетелдік әріптестерімен бірлесіп, қазақстандық азаматты киберқылмыс жасады деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Тергеу материалдары бойынша, ол шетелдік компаниялардың серверлеріне заңсыз кіріп, компьютерлік деректерді шифрлайтын зиянды бағдарламалар орнатқан. Деректерді қалпына келтіру үшін криптовалюта түрінде төлем талап еткен.

 Тінту барысында кибершабуылдарды жасау үшін пайдаланылған заттай айғақтар тәркіленді.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -