Шымкенттегі жекеменшік мектептерді қолдау және білім алу мүмкіндігіне тең қолжетімділікті қамтамасыз ету

2134
Фотосурет: Сенаттың Баспасөз қызметі

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Айгүл Қапбарова Шымкент Кәсіпкерлер палатасының басшылығымен, қалалық мәслихат депутаттарымен, салалық басқармалардың өкілдерімен және білім беру саласындағы кәсіпкерлермен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Жекеменшік мектептерде жан басына шаққанда уақтылы қаржы бөлмеу, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларды қолдау мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, білім беруге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету аясында тегін оқулық, ыстық тамақ және жеке меншік мектепте оқу ақысын төлеуге субсидия беру тақырыптары көтерілді.

«Әсіресе, Шымкент сияқты қарқынды дамып келе жатқан қалаларда қолжетімді және сапалы білім беруде жекеменшік мектептер маңызды рөл атқарады. Алайда, олардың толыққанды жұмыс істеуі үшін жүйелі қолдау, оның ішінде жан басына шаққандағы уақтылы қаржыландыру және осал санаттағы балаларға арналған әлеуметтік қолдау шаралары қажет. Кәсіпкерлер көтерген мәселелер маңызды және егжей-тегжейлі пысықтауды қажет етеді», - деді Айгүл Қапбарова.

Сенатор Қайнарбұлақ кентінің тұрғындарымен де кездесті. Ол әңгіме барысында халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған Парламентте қабылданған негізгі заңдар туралы айтып, оларды жергілікті жерлерде жүзеге асыруды бақылаудың маңыздылығын атап өтті.

Тұрғындар бірқатар өзекті мәселелерді, оның ішінде мемлекеттік емхана ашу қажеттігін айтты. Олардың айтуынша, жеке медициналық орталықтарда қажетті жабдықтар мен білікті мамандардың болмауы жиі кездеседі. Сондай-ақ жолдардың жай-күйі, экология, сумен жабдықтау және кәріз мәселелері талқыланды.

Сенатор барлық өтініштердің құзыретті органдарға берілетінін атап өтіп, айтылған мәселелерді шешуге жәрдемдесуге дайын екенін білдірді. Сонымен қатар, ол азаматтардың құқықтарын қорғау және жергілікті билік органдарымен өзара іс-қимыл тетіктерін түсіндірді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -