Астанада «Астана Арена» стадионының маңында автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі

1793
Фотосурет: Pixabay.com

1 тамыз күні елордадағы «Астана Арена» стадионында әлемге әйгілі америкалық әнші Jennifer Lopez өзінің «Up All Night» атты әлемдік туры аясында өнер көрсетеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ауқымды концерттің өтуіне байланысты қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қонақтардың ыңғайлы келіп-кетуі мен қозғалысын ұйымдастыру мақсатында «Астана Арена» стадионы маңындағы «Алау» мұз сарайы мен «Сарыарқа» велотрегі жағынан автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды DKnews.kz.

Көлікті келесі орындарға қоюға болады: «Алау» мұз сарайы, «Барыс Арена» мұз айдыны, «Сарыарқа» велотрегі, Ботаникалық бақ (Бұқар жырау және Орынбор көшелері жағынан), Керей мен Жәнібек хандар көшесі және басқа да тұрақ орындары.

Jennifer Lopez концертіне келушілердің ыңғайлығы үшін қала бойынша бес орыннан «Астана Арена» стадионына және кері бағытта қатынайтын арнайы шаттл-автобустар қатынайды:

Астаналық цирк тұрағы;
«Әзірет Сұлтан» мешітінің тұрағы;
«QAZAQSTAN» спорт кешенінің тұрағы;
Тұран даңғылы жағынан Орталық саябақтың тұрағы;
«Бас мешіт» тұрағы.

Шаттл-бастар концерт басталғанға дейін және аяқталғаннан кейін екі бағытта қатынайды. Кептелістер мен тұрақ мәселесіне тап болмас үшін фестиваль көрермендері қоғамдық көлікпен қатынағаны жөн.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -