Александр Бублик топырақтағы жеңісті сериясын жалғастыруда

1485
Фотосурет: ҚТФ баспасөз қызметі

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Кицбюэль (Аустрия) ATP 250 турнирінде үздік шықты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 100-ракеткасы, франциялық Артур Казомен чемпиондық атақты сарапқа салды. Бублик 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Александр Бублик спорттық жолында ATP додаларында жетінші, биылғы үшінші титулына қол жеткізді. Ол алдағы дүйсенбіде жаңартылатын рейтингіде 25-орынға көтеріледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -