Қазақстан Республикасы Ұлттык ұлан академиясының З курс курсанттары Шымкенттегі 6698 әскери бөлімінде тағлымдамадан өтті.
Болашақ офицерлер взвод командирі, инженерлік техникалық кұралдар маманы және тыл қызметі бойынша 3 жыл оқыған білімдерін тәжірибемен түйіндеді. Практика барысында курсанттар жауынгерлік қызметтің қыр сырымен танысты. Әскери бөлімдегі взвод командирлерімен бірге сарбаздарға жауынгерлік, мемлекеттік құқықтық дайындық, атыс дайындығы бойынша сабақтар өткізді, Сондай-ақ жауынгерлермен жалпы және жеке тәрбие жұмысын жүргізді.
Тыл мен инженерлік техникалық құралдар мамандары бөлім атқаратын жауынгерлік қызметтің бірі - арнайы мекемелердегі регламенттік жұмыстарға қатысып, материалдық құралдарды есепке алу, есептен шығару сияқты құжаттамалық жұмыстармен де танысты. Әскери бөлімді тылдық қамтамасыз ету бойынша негізгі қызметтерді жүргізді. Жауынгерлерге алынған әскери киім-кешек, азық-түлік, жанар-жағармай сияқты заттарды қабылдауға лауазымды тұлғалармен бірге қатысып, тәжірибе алмасты.
Взвод командирі ретінде практикадан өтіп жүрген сержант Әли Ерланұлы: «Біз тағлымдама барысында бөлім кұрылымындағы нақты міндеттермен процесстерді бақылап, кәсіби дағдыларымызды жетілдірдік. Әскери бөлім басшылығы жауынгерлік жағдайларда әрекет ету, бөлімшелерді басқару және тәрбие жұмыстарын сапалы өткізу бойынша құнды кеңестер беріп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар жас жауынгерлермен іс-жүзінде тығыз жұмыс істей отырып, офицерлік жауапкершілік пен көшбасшылықтың маңызын жете түсіндік. Бізге практика барысында жетекшілік жасап, сапалы тәжірибелерімен бөліскен әскери бөлімнің аға офицерлеріне алғыс айтамыз», - дейді. Курсанттар практика уақытында жергілікті телеарнада конақта болып, әскери мамандыққа окудың, әскери қызметші болудың артықшылықтары мен беделі жайлы жастармен бөлісті.
Айта кетейік, мұндай тағлымдамалар болашақ офицерлердің кәсіби қалыптасуына, теориялык білімді практикамен ұштастыруына, сондай-ақ әскери ортаға бейімделуіне айрықша әсер етеді. Курсанттар алған білімдері мен тәжірибелерін болашақ қызметтерінде тиімді пайдаланып, ел тыныштығы мен қоғамдық кауіпсіздікті қамтамасыз етуде өз үлестерін қосары сөзсіз.
Капитан Шынжигитова Малика