Дарбаза полигонында командирлер нақты ұрыс жағдайларына дайындалып жатыр

1870
Фотосурет: Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

«Дарбаза» полигонында бөлімшелердің жауынгерлік атыстары басталды, деп хабарлайды DKnews.kz.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының Шымкент гарнизонындағы алтыншы механикаландырылған құрамасының жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес «Дарбаза» оқу-жаттығу полигонында взвод және бөлімше командирлері санатымен бөлімшелердің жауынгерлік атыстары бойынша нұсқау-әдістемелік сабақтар өткізілді.

Полигон аумағында теориялық және практикалық кезеңдерді өткізу үшін оқу орындары ұйымдастырылды. Нұсқаулық-әдістемелік сабақтар барысында офицерлер мен сержанттар жауынгерлік атыстың барлық кезеңдерін ұйымдастыру және өткізу бойынша нақты нұсқаулар алды. Әскери қызметшілер «бөлімшенің шабуыл мен қорғаныстағы іс-қимылдары», «қарсыласты оқшаулау» және «елді мекендегі ұрыс» тақырыптары бойынша практикалық іс-қимылдарды пысықтады.

"Сабақтардың негізгі мақсаты – командирлер мен жеке құрамды штаттық оқ ату құралдарын қолдана отырып, ұрыс жүргізудің тиімді тәсілдеріне үйрету. Отты шебер басқару және жауынгерлік бұйрықтарды нақты жеткізу – тапсырмаларды сәтті орындаудың кепілі" Екінші мотоатқыштар батальонының командирі майор Азамат Куатов

Күннің екінші жартысында екінші мотоатқыштар батальонының жеке құрамы тактикалық жағдайда заңсыз қарулы құрылымдардың шабуылын тойтару бойынша іс-қимылдарды пысықтады.

Жауынгерлік атыстарды өткізу үшін бөлімшенің барлық штаттық қару түрлерінен оқ атуға мүмкіндік беретін жағдай жасалды.

"Бөлімшелердегі жауынгерлік үйлесімділікті арттыру мақсатында бөлімшелердің жауынгерлік атыстарын өткізу бойынша нұсқау-әдістемелік сабақтар ұйымдастырылды. Жеке құрам барлық қойылған жауынгерлік тапсырмаларды «жақсы» бағасымен орындады" Бесінші мотоатқыштар ротасының командирі аға лейтенант Бегжан Ибрагим

Алдағы уақытта «Дарбаза» полигонында 54 бөлімшенің жауынгерлік атысын өткізу жоспарланған, оның 27-сі түнгі уақытта өтпек. Бұдан бөлек, 36 атыс екіжақты форматта ұйымдастырылады. Бұл өзара қарсы әрекет ету жағдайында, шынайы жауынгерлік жағдайға барынша жақын ортада бөлімше командирлерінің тактикалық шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік береді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -