2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторында 22 екінші деңгейдегі банк бар, оның ішінде 14 банк шетелдік қатысумен, оның ішінде 10 еншілес банк, деп хабарлайды DKnews.kz.
2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша банк секторының активтері негізінен банктердің несие портфелінің 39,1 трлн теңгеге дейін 3,3%-ға өсуі есебінен биылғы жылғы маусымда 2,3%-ға ұлғайып, 64,8 млрд теңге құрады (2025 жылдың басынан 5,3%-ға өсу).
Екінші деңгейдегі банктердің экономикаға берген кредиттері 2025 жылғы маусымда 2,3%-ға 36,3 трлн теңгеге дейін (2025 жылдың басынан бері 7,6%-ға өсу) ұлғайды. Экономикаға берілген кредиттер құрылымында 2025 жылғы маусым айының қорытындысы бойынша ұлттық валютада берілген кредиттер 2,0%-ға 33,4 трлн теңгеге дейін, шетел валютасында 6,4%-ға 2,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды.
Бизнес субъектілеріне берілген кредиттер 2025 жылғы маусымда негізінен айналым қаражатын сатып алуға берілген қарыздардың 4,8%-ға 5,4 трлн теңгеге өсуі есебінен 13,7 трлн теңгеге дейін 2,7%-ға ұлғайды (2025 жылдың басынан бері 5,1%-ға өсу). Бизнеске берілген кредиттер құрылымында ірі бизнеске берілген қарыздар 2,3%-ға
5,1 трлн теңгеге дейін (2025 жылдың басынан 17,3%-ға өсу), ШОБ субъектілеріне - 2,9%-ға 6,0 трлн теңгеге дейін (2025 жылдың басынан 7,1%-ға төмендеу) ұлғайды. Дара кәсіпкерлерге берілген кредиттер 2,8%-ға 2,7 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2025 жылдың басынан 16,2%-ға өсу).
Салалар бөлінісінде ағымдағы 2025 жылғы маусымда бизнеске берілген кредиттердің өсуі көлікті, ақпарат және байланысты қоспағанда, барлық салаларда дерлік байқалады. Өнеркәсіпте кредиттер 4,5 трлн теңгеге дейін 3,9%-ға, саудада 3,5%-ға 3,8 трлн теңгеге дейін, құрылыста - 5,7%-ға 0,7 трлн теңгеге дейін, ауыл шаруашылығында - 1,3%-ға 0,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Ақпарат және байланыс салаларында жоспарлы өтеу нәтижесінде 9,0%-ға 0,2 трлн теңгеге дейін, көлікте 1,7%-ға 1,0 трлн теңгеге дейін төмендеу байқалады.
2025 жылғы маусымда бизнес субъектілеріне 1,7 трлн теңге сомаға жаңа қарыздар берілді, бұл 2024 жылғы иісті аймен салыстырғанда 17,6%-ға көп. 2025 жылдың басынан бизнеске берілген жаңа кредиттердің көлемі 8,8 трлн теңгені құрады, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 7,4%-ға көп.
2025 жылғы маусымның қорытындысы бойынша бизнес субъектілеріне ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі ірі бизнеске берілетін қарыздар бойынша мөлшерлеменің 19,0%-ға өсуі есебінен (2025 жылғы мамырда – 18,6%) 21,7%-ды құрап, аздап ұлғайды (2025 жылғы мамырда – 21,3%).
Халыққа берілген кредиттер 2025 жылғы маусымда тұтынушылық қарыздардың 2,6%-ға 15,3 трлн теңгеге дейін және ипотекалық қарыздардың 1,3%- ға 6,3 трлн теңгеге дейін ұлғаюы нәтижесінде 2,1%-ға ұлғайып, 22,6 трлн теңгені құрады (2025 жылдың басынан 9,1%-ға өсу).
2025 жылғы маусымда халыққа теңгемен берілген кредиттер бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі тұтынушылық қарыздар бойынша мөлшерлеменің 19,5%-ға (2025 жылғы мамырда-21,4%) дейін төмендеуіне байланысты 18,4%-ды құрап (2025 жылғы мамырда - 21,4%), 1,5 п.т. қысқарды.
Банктердің несие портфелінің сапасы жоғары деңгейде қалып отыр. Мәселен, 2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша кредиттік портфельдің жалпы көлемінде 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар кредиттердің үлесі 2025 жылғы мамырдағы деңгейде сақталып, 3,4%-ды немесе 1,3 трлн теңгені құрады.
2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша халықтың кредиттері бойынша NPL90+ қарыздардың үлесі 4,3%-ды немесе 976 млрд теңгені, бизнес кредиттері бойынша – 2,2%-ды немесе 343 млрд теңгені құрады. 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар кредиттерді провизиялармен өтеу деңгейі 65,9%-ды құрады (01.01.2025ж. – 67,0%).
Банк секторының міндеттемелері 2025 жылғы маусымда негізінен клиенттердің салымдарын 1,6%-ға және айналысқа шығарылған бағалы қағаздарды 8,5%-ға ұлғайту есебінен 2,2%-ға 55,5 трлн теңгеге дейін (2025 жылдың басынан бастап 5,4%-ға өсу) ұлғайды. Банк секторы міндеттемелерінің құрылымында клиенттердің салымдары басым – 79,5% немесе 44,1 трлн теңге.
Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттері 2025 жылғы маусымда негізінен ұлттық валютадағы депозиттердің 3,4%-ға 33,1 трлн теңгеге дейін өсуі нәтижесінде 1,8%-ға 42,2 трлн теңгеге дейін (2025 жылдың басынан бастап 2,1%-ға өсу) ұлғайды. Шетел валютасындағы депозиттер 3,8%-ға 9,1 трлн теңгеге дейін қысқарды. Нәтижесінде, 2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша депозиттерді долларландыру деңгейі бір ай бұрынғы 22,9%-дан төмендеп, 21,6%-ды құрады.
Заңды тұлғалардың депозиттері 2025 жылғы маусымда 0,9%-ға 18,7 трлн теңгеге дейін, жеке тұлғалардың депозиттері 2,4%-ға 23,5 трлн теңгеге дейін өсті.
Банктік емес заңды тұлғалардың мерзімді депозиттері және жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2025 жылғы маусымда 2025 жылғы мамыр деңгейінде сақталып, тиісінше 15,4% және 14,2%-ды құрады.
Банктердің меншікті капиталы 2025 жылғы маусымда негізінен бөлінбеген таза пайданың ұлғаюы нәтижесінде 2,9%-ға 9,3 трлн теңгеге дейін өсті (2025 жылдың басынан бастап 5,1%-ға өсу).
2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1) 19,5%-ды (01.01.2025ж. – 20,4%), меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к2) – 21,0%-ды (01.01.2025ж. – 22,0%) құрады, бұл заңнамада белгіленген нормативтерден едәуір асып түседі және банк секторындағы әлеуетті тәуекелдерді өтеуді қамтамасыз етеді.
2025 жылғы қаңтар-маусымда банктердің таза пайдасы 1,4 трлн теңгені құрады, бұл 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 19,2%-ға артық. 2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша банк активтерінің рентабельділігі (Roa) 4,6%-ды (01.06.2025ж. – 4,6%), капиталдың рентабельділігі (Roe) – 31,7%-ды (01.06.2025ж. – 31,6%) құрады.