Қазақстанның бағалы қағаздар нарығы: динамика талдауы және болашақ перспективалар

2629
Фотосурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Акциялар нарығын капиталдандыру негізінен KASE индексінің, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (+11,9%) «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (+18,1%) және «Kaspi.kz» АҚ (+3,6%) өкілдік тізіміне кіретін акциялар бағасының өсуі есебінен 2025 жылғы маусымда 9,5%-ға ұлғайып,  2025 жылғы  1 шілдедегі жағдай бойынша 34,0 трлн теңгені құрады (2025 жылдың басынан бастап 3,4%-ға өсті), деп хабарлайды DKnews.kz.

KASE индексі 2025 жылғы маусымда 8,2%-ға 6 018,56 тармаққа дейін ұлғайды (2025 жылдың басынан бастап 7,9%-ға өсті).

Акциялармен сауда-саттық көлемі негізінен «ULMUS BESSHOKY (УЛМУС БЕСШОКЫ)» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және «KEGOC» АҚ акцияларымен сауда-саттық көлемінің өсуі есебінен бір айда 13,8%-ға ұлғайып, биыл маусым айында 27,2 млрд теңгені құрады.

2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша KASE сауда тізімдерінде 80 қазақстандық эмитенттің 95 атауының  акциялары болды.

«KASE Global» секторында 2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 47 атаудағы акциялары және 59 шетелдік эмитенттің 18 ETF болды. «KASE Global» секторында жасалған мәмілелердің жиынтық көлемі  негізінен SPDR Series Trust, ProShares Trust, Intel Corporation акцияларымен сауда-саттық көлемінің өсуі есебінен бір айда 37,8%-ға ұлғайып, 2025 жылғы маусымда 9,4 млрд теңгені құрады.

KASE-де саудаланатын корпоративтік борыштың көлемі 2025 жылғы маусымда 1,1%-ға 13,7 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2025 жылдың басынан бастап 0,3%-ға өсті).

KASE-де корпоративтік облигациялармен сауда-саттық көлемі 2025 жылғы маусымда негізінен бастапқы нарықтағы сауда-саттық көлемінің  төмендеуі есебінен алдыңғы аймен салыстырғанда 20,6%-ға 589,9 млрд теңгеге дейін азайды.

2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша KASE сауда тізімдерінде 131 эмитенттің корпоративтік облигацияларының 564 шығарылымы болды (01.01.2025ж. – 126 эмитенттің корпоративтік облигацияларының 511 шығарылымы).

KASE-де саудаланатын мемлекеттік борыш 2025 жылғы маусымда 2,3%-ға 30,0 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2025 жылдың басынан бастап 11,3%-ға өсті). KASE-де мемлекеттік бағалы қағаздармен сауда-саттықтың жиынтық көлемі 2025 жылғы маусымның қорытындысы бойынша 1,7%-ға ұлғайып, 766,1 млрд теңгені құрады.

2025 жылғы маусымда МБҚ бастапқы нарығындағы сауда-саттық көлемі 8,4%-ға 630,0 млрд теңгеге дейін азайды. Оның ішінде ҚР Қаржы министрлігі 615,3 млрд теңге тартып, өтеуге кірістілігі 14,30-16,88% болатын облигациялардың 14 шығарылымын орналастырды, жеті облыс әкімдіктері мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде 14,8 млрд теңге тартты.

Ұжымдық инвестициялау нарығында 2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 58 инвестициялық пай қоры, оның ішінде 24 аралық, 33 жабық және 1 ашық пай қоры жұмыс істеді.

Инвестициялық пай нарығындағы басқарудағы активтер 2025 жылғы маусымда 1,5%-ға ұлғайып, 2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 367,4 млрд теңгені құрады (жыл басынан бері 7,5%-ға өсті).  2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша бағалы қағаздар портфелі 304,5 млрд теңгені немесе инвестициялық пай қорларының жиынтық активтерінің 82,9%-ын құрады.

2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша бағалы қағаздар нарығының институционалдық құрылымына 42 брокер мен дилер (16 банк және 26 банктік емес ұйым), 11 кастодиан-банк, 21 инвестициялық портфельді басқарушы, 4 трансфер-агент, сондай-ақ 3 инфрақұрылымдық ұйым: KASE, KASE Клирингтік орталығы және бірыңғай тіркеуші мен сауда репозиторийінің функцияларын орындайтын Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі кірді.

2025 жылғы маусымда Орталық депозитарийдің номиналды ұстау жүйесіндегі шоттардың саны 1,9%-ға ұлғайып, 4 233,7 мың  шотты құрады, оның ішінде:

  • депоненттер клиенттерінің қосалқы шоттарының саны 691,9 мың қосалқы шотқа дейін 0,2%-ға ұлғайды (2025 жылдың басынан бастап 6,5 мыңға немесе 1,0%-ға өсу);
  • брокерлер ашқан және жинақталған омнибус-шоттар арқылы есепке алынатын дербес шоттардың саны 3 541,7 мың шотқа дейін 78,5 мыңға немесе 2,3%-ға ұлғайды (2025 жылдың басынан бастап 726,4  мыңға немесе 25,8%-ға өсу).

Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың активтері 2025 жылғы маусымда 1,3%-ға ұлғайып, 2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 556,3 млрд теңгені құрады (жыл басынан бері негізінен бір қатысушы лицензиясының қолданысы тоқтатылуы есебінен 27,7%-ға төмендеді).

Міндеттемелер 138,0 млрд теңгені құрай отырып, 2025 жылғы мамырдағы деңгейде сақталды (негізінен «РЕПО» операциялары бойынша міндеттемелердің азаюы есебінен, жыл басынан бері42,8%-ғатөмендеді).

Жарғылық капиталдың және бөлінбеген пайданың 5,0%-ға 127,2 млрд теңгеге дейін өсуі нәтижесінде меншікті капитал 1,9%-ға 418,3 млрд теңгеге дейін ұлғайды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -