Қаржылық қызмет тұтынушыларын қорғау: 2025 жылғы 1 шілдедегі жұмыс қорытындылары

2970
Фотосурет: Newtimes.kz / ©Ыдырыш Ертай

2025 жылғы маусымда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша қызметі негізінен қарыз алушылардың алаяқтық әрекеттер және тұтынушылық қарыздар бойынша берешекті қайта құрылымдауға жәрдемдесу туралы жолданымдарын қараумен байланысты болды, деп хабарлайды DKnews.kz.

2025 жылғы маусымда Агенттік қаржы ұйымдарының және коллекторлық агенттіктердің қызметіне байланысты жеке және заңды тұлғалардың 14 962 жолданымын қарады, бұл 2025 жылғы мамырмен салыстырғанда 2,0%-ға көп.

Жолданымдардың ең көп үлесі – жолданымдардың жалпы санының 51,8%-ы банк секторына тиесілі. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің мәселелері бойынша жолданымдар жалпы санның 34,4%-ын, коллекторлық агенттіктердің 6,1%-ын, сақтандыру нарығы субъектілерінің 2,0%-ын, өзге ұйымдардың 5,2%-ын, атауы көрсетілмеген қаржы ұйымдарының 0,5%-ын құрады.

2025 жылғы маусымда Агенттік 6 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасын және 1 жазбаша ұйғарым:

  • банктерге қатысты 6 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасын;
  • микроқаржы ұйымдарына қатысты 1 жазбаша ұйғарым қолданды.

Агенттік мақсаты жалғыз баспананы сақтап қалу және қарыз алушылардың борыш жүктемесін төмендету болып табылатын Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асыруды жалғастыруда.

Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде 2004 – 2020 жылдар аралығындағы кезеңде берілген ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру көзделген. 2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша банктер 208,1 млрд теңге сомасына 32,9 мың қарызды қайта қаржыландырды.

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген жеке тұлғалардың 114,0 млрд теңге сомасына 15,9 мың валюталық ипотекалық қарыздарын айналдыру/қайта қаржыландыру жүргізілді. Осы бағытты іске асыру мерзімі барлық жоспарланған іс-шаралардың аяқталуына байланысты 2025 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады.

Бағдарламаның үшінші бөлігі шеңберінде 2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 10,6 мың ХӘОТ – қарыз алушыға 97,0 млрд теңге сомасына қолдау шаралары көрсетілді. Қосымша көмек 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін берешекті азайту, сондай-ақ банктің балансындағы жалғыз баспананы бұрынғы меншік иелеріне қайтару түрінде көрсетілетін болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -