Air Astana мен China Southern кодшерингі: бұл жолаушылар үшін нені білдіреді?

2662
Фотосурет: @PR_AirAstana

2025 жылғы 29 шілдеде Air Astana мен China Southern Airlines әуекомпаниялары бірлескен рейстерді орындау (кодшеринг) туралы келісімге қол қойып, Қазақстан мен Қытай арасында сапар шегетін жолаушылар үшін мүмкіндіктерді едәуір кеңейтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Келісім Алматыдан Бейжің, Үрімші және Гуанчжоуға, сондай-ақ Астанадан Бейжіңге орындалатын Air Astana рейстеріне және Пекиннен (Дасин әуежайы), Гуанчжоу, Үрімші және Сиань қалаларынан Алматыға, сондай-ақ Гуанчжоу мен Үрімшіден Астанаға орындалатын China Southern Airlines рейстеріне қолданылады.

Air Astana компаниялар тобының Бас атқарушы директоры Питер Фостер:

«Қытай бұрыннан Air Astana үшін стратегиялық маңызы бар нарық. China Southern Airlines компаниясымен серіктестігіміз сауда, туризм және мәдени байланыстардың дамуына ықпал етіп, екі ел арасындағы авиациялық әріптестіктің жаңа кезеңін білдіреді»

China Southern Airlines компаниясының Президенті және бас атқарушы директоры Хань Вэньшэн:

«Air Astana компаниясымен жасалған кодшерингтік келісім Қазақстандағы қызметімізді кеңейтіп, рейстер жиілігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл екі әуекомпанияның жақсы тұстарын біріктіретін стратегиялық серіктестік әрі Қытай мен Қазақстан арасындағы авиациялық ықпалдастықты дамытудың маңызды қадамы»

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -