Ашылу салтанатына жұлдызды қонақтар — визажистер Алмат Асқар мен Айдана Кентаева қатысады.
Бьюти-ретейлер Қазақстандағы сауда алаңын кеңейтті: елдегі бесінші дүкен, ал Алматыдағы үшінші дүкен жұмысын бастайды. Жаңа бьюти-стор Қазақстанда іске қосылған барлық дүкендердің көлемінен асып түсті, оның ауданы 1 500 шаршы метрді құрайды. Жаңа сауда нүктесі қаланың төменгі жағында «Мега Парк» СОО-ның бірінші қабатында орналасады және күн сайын сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді. Салтанатты ашылу 1-3 тамызда өтеді.
Дүкен дизайны брендтің ең танымал интерьер техникасына негізделген: кең кеңістік пен жарық, табиғи материалдар, биік төбе, ғимарат сипатын сақтайтын және ауа өткізу мүмкіндігі жоғары конструкция мен бағандар. Дүкен ассортиментінде жүздеген күтім және сәндік косметика, парфюм мен тағы да мыңдаған өнімдер болады. Сатып алушылар оларды сатып алып қана қоймай, кәсіби бьюти кеңесшілерден пайдалы ақпарат алады.
«Золотое Яблоко» дүкені тек сауда жасайтын орын емес, сонымен қатар қарым-қатынас орнататын, үйренетін, шабыт алатын орта: мұнда сіз қызықты ассортиментпен танысып, кәсіби кеңес аласыз, макияж жасайсыз, іс-шаралар мен ұтыс ойындарға қатысасыз. Retailtainment (retail & entertainment) принципі клиенттің бьюти әлемге саяхаты мейлінше жайлы болуына жағдай жасайды. Орта есеппен біздің клиенттер дүкенде шамамен 2 сағат өткізеді», - деп атап өтті «Золотое Яблоко» баспасөз қызметі.
Жаңа дүкеннің ашылу салтанатына келушілерге арнайы мерекелік бағдарлама дайындалды:
- 2 тамыз 14:00-ден 15:30-ға дейін үздік визажист және бьюти-креатор Айдана Кентаева «Бүгін сен қандайсың? Көңіл-күйге сай макияж» тақырыбында шеберлік сабағын өткізеді
- 3 тамыз 14:00- 15:30 - жұлдызды визажист Алмат Аскардың Cherry Cola Lips және Creamy Skin трендтері туралы мастер-классы.
Сондай-ақ, дүкеннің ашылу құрметіне 1-3 тамыз аралығында арнайы мерекелік іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланған. Келушілер басқалармен бірге өнер объектісін құрады немесе фотоаймақта креатив идеямен суретке түсіп бьюти бокстардың ұтыс ойынына қатысады. Ал офлайн-дүкенде 25000 теңгеден асатын сомаға тауар сатып алып, кәсіби визажистерге макияж жасатуға болады. Ал 40 000 теңгеден асатын чекке «Золотое Яблоко» фирмалық косметика сөмкесін береміз.
Қазақстанда ашылған бес дүкеннен басқа, ретейлердің ресми сайты мен қосымшасы жұмыс істейді, онлайн-тапсырыстар еліміздің кез келген нүктесіне жеткізіледі.
«Золотое Яблоко» — халықаралық көпарналы бьюти ретейл. Компания Қазақстанда төрт дүкен ашты — екеуі Алматыда, біреуі Астанада және бір дүкен Шымкент қаласында. Алматыда ашылатын бесінші дүкен осылардың ішіндегі ең үлкені. Қазақстан тұрғындары сондай-ақ, сайт пен қосымшада тауарға жеткізіп беру әдісімен тапсырыс беріп сатып ала алады. «Золотое Яблоко» әлемнің түкпір-түкпірінен массмаркеттен люкске дейін 1300-ден астам брендті ұсынады: сәндік және күтім косметикасы, парфюмерия, үй бұйымдары, аксессуарлар, жабдықтар және т.б. Компания ассортиментіне Parfum De Vie, Genome, TruNomad, Beautyproff және т.б. ондаған қазақстандық брендтер де кіреді.