Air Astana мен China Southern Airlines Қазақстан мен Қытай арасын жалғайтын негізгі бағыттар бойынша серіктестік бастап, код-шеринг туралы келісім шартқа қол қойды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Бұл серіктестік нәтижесінде жолаушыларға саяхатын жоспарлау бұрынғыдан да ыңғайлы болмақ.
Әуекомпания өз кодын серіктес орындайдын рейстерде жариялап отырады.
Air Astana (KC):
- Алматы – Бейжің / Үрімші / Гуанчжоу
- Астана – Бейжің / Үрімші
China Southern (CZ):
- Гуанчжоу / Бейжің / Сиань – Алматы
- Гуанчжоу / Үрімші – Астана
«Қытай бұрыннан Air Astana үшін стратегиялық маңызы бар нарық. China Southern Airlines компаниясымен серіктестігіміз сауда, туризм және мәдени байланыстардың дамуына ықпал етіп, екі ел арасындағы авиациялық әріптестіктің жаңа кезеңін білдіреді» Деді Air Astana-ның бас директоры Питер Фостер
China Southern Airlines компаниясының Президенті және бас атқарушы директоры Хань Вэньшэн:
«Air Astana компаниясымен жасалған кодшерингтік келісім Қазақстандағы қызметімізді кеңейтіп, рейстер жиілігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл екі әуекомпанияның жақсы тұстарын біріктіретін стратегиялық серіктестік әрі «Бір белдеу - бір жол» бастамасы аясында Қытай мен Қазақстан арасындағы авиациялық ықпалдастықты дамытудың маңызды қадамы»