Заңғар Нұрланұлы алғаш рет челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды DKnews.kz.
Елордада Президент кубогы үшін теннистен өтіп жатқан челленджер турнирінде Заңғар Нұрланұлы сенсациялық нәтижеге қол жеткізді.
Заңғар жұптық сында словакиялық Михал Крайчимен бірге алғашқы айналымда поляк Олаф Печковски – үндістандық Сингх Каранды қапы қалдырды – 6:4, 6:1. Бұл Заңғар Нұрланұлының спорттық жолындағы челленджер додасындағы алғашқы жеңісі еді. Отандасымыз ең шешуші тұстарда шеберлігін көрсетіп, сәтті ойнай білді.
Қазақстандық-словакиялық дуэт жартылай финалға шығу үшін жарыстың 3-ракеткалары, жапониялықтар Тайсей Ишикава – Кокоро Исомурамен таласады.
Тағы бір қазақстандық Григорий Ломакин аустралиялық Эдвард Уинтермен бірге ширек финалға өтті. Олар таилық Максимус Джонс – грузиялық Саба Пурцеладзені жолдан тайдырды – 6:3, 7:6 (7:1). Ломакин – Уинтер ширек финалда турнирдің 2-ракеткалары, жапониялықтар Кусухара – Накагавамен кездеседі.