«ҰАТ» АҚ 2 тамызда eGov.kz және eGov Mobile қызметтерінің жұмыс істемейтіні туралы ескертті

2002
Фотосурет: © Sputnik / Санат Имангалиев

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ («ҰАТ» АҚ) сүйемелдейтін жобалардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізілетіні туралы хабарлайды. Жұмыстар «ҰАТ» АҚ жобаларының бүкіл цифрлық экожүйесінің қолжетімділігіне әсер етеді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Техникалық жұмыстар 2025 жылғы 2 тамыз сағат 02:00-ден сағат 06:00-ге дейін жүргізіледі. Уақыт аралығы пайдаланушылардың ең төмен белсенділігі ескеріле отырып таңдалды, бұл мүмкін болатын қолайсыздықтарды барынша азайтуға мүмкіндік береді.   

Осы кезеңде келесі мемлекеттік электрондық сервистердің жұмысы уақытша шектеледі: 

  • eGov.kz порталы мен eGov Mobile мобильді қосымшасы («Цифрлық құжаттар» сервисін қоса алғанда); 
  • e-Otinish, E-license порталдары және Ашық үкімет жүйелері; 
  • Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы (ҰКО) сервистері; 
  • «ҰАТ» АҚ сүйемелдейтін өзге де жобалар; 
  • Электрондық үкімет шлюзі арқылы интеграцияланған екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларындағы және басқа жүйелердегі мемлекеттік қызмет көрсету сервистері. 

Осыған байланысты, «ҰАТ» АҚ барлық қажетті операцияларды алдын ала аяқтауды және техникалық жұмыстар кезінде құжаттарды ұсыну қажет болған жағдайда олардың түпнұсқаларын дайындауды ұсынады.  

Түсіністік танытқаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз!

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -