Жедел қорытындылар: Қазақстанның шекара қызметі шілде айындағы нәтижелерін ұсынды

2189
Фотосурет: @knbgov_kz

ҰҚК Шекара қызметінің 2025 жылғы шілдедегі іс-қимыл нәтижелері туралы, деп хабарлайды DKnews.kz.

ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2025 жылғы шілдеде құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып:

  • шекара кеңістігінде 4 725 Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзушыларды ұстады, соның ішінде 4 132 шетел азаматтары.
  • Мемлекеттік шекара арқылы 1 462 заңсыз алып өту фактілерінің алды алынды, соның ішінде:
  1. 60 факті – қарулар мен оқ-дәрілер;
  2. 25 факті – діни әдебиет (627 дана);
  3. 524 факті – жалпы мөлшері 35 тоннаға жуық жанар-жағармай материалдары;
  4. 682 факті – жалпы сомасы 4,2 млрд теңгеден астам халық тұтыну тауарлары;
  5. 171 факті – жалпы сомасы 1,7 млрд теңгеден астам шетел валютасы.
  • Каспий акваториясында 51 браконьерлік фактінің алды алынды, сондай-ақ:
  1. 14 дана - жүзу құралдары;
  2. шамамен 20 км - торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары.
  • Алды алынған залал сомасы шамамен 116 млн теңгені құрайды.
  • Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.
  • Мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілген жоқ.

Сонымен қатар, «Сырым» өткізу пунктінде жаңарту және құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуына байланысты 2025 жылғы 4 тамыздан бастап жүк автокөлік құралдарын қоспағанда, шекарадан өтуге уақытша шектеулер енгізілетінін хабарлаймыз. Басқа өткізу пункттері қалыпты режимде жұмысын жалғастыра береді. Осы жағдайды ескеріп, маршруттарыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -