Құжаттарды қолдан жасаған: Таразда баспанаға қатысты алаяқтық әшкереленді

1474
Фотосурет: Pixabay.com

Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімінде тұрғын үй заңнамасының сақталуына жүргізілген тексеру нәтижесінде азаматша «С» жалған анықтама ұсынып, өзін мемлекеттік қызметші ретінде көрсетіп, Тараз қаласындағы «Ұлы Дала» шағын ауданынан мемлекеттік тұрғын үй қорынан заңсыз екі бөлмелі пәтер алғаны анықталды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Сот-сараптамалық зерттеуінің қорытындысына сәйкес ұсынылған анықтаманың жалған екені белгілі болды.

Прокуратураның нұсқауымен, 22.07.2025 жылы аталған алаяқтық фактісі бойынша Тараз қаласы ПБ-мен ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қазіргі уақытта аталған жылжымайтын мүлікті мемлекеттік қорына қайтару жұмыстары жүргізілуде, ол кейіннен тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға беріледі.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -