Алматыда жаңа қалалық саябақ ашылады

1694
Фотосурет: t.me/almaty_akimat

Алматыда әл-Фараби даңғылы мен Дулати көшелерінің қиылысында заманауи жаңа FLOW саябағының құрылысы басталды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Жоба жеке инвесторлардың қолдауымен жүзеге асырылып жатыр. Қаржылпндыр демеуші қаражаты есебінен жүргізіледі, қала бюджетінен қаржы тартылмайды.

Саябақта вело және жүгіру жолақтары, ашық ауадағы жаттығу құрылғылары, балалар мен спорттық алаңдар, сондай-ақ, жайлы демалыс аймақтары қарастырылған.

FLOW саябағы қала тұрғындарының сүйікті орнына айналып, қолжетімді, жайлы әрі инклюзивті қалалық орта қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама болмақ.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -