«Ақ жол» демпартиясы еліміздің барлық өңірлерінде өткен сенбілікке қатысты, деп хабарлайды DKnews.kz.
Көшелер мен саябақтарды тазалауға Мәжіліс, жергілікті мәслихат депутаттары, жастар кеңесінің мүшелері мен партия белсенділері шықты.
Өз үйіміз - өлең төсегіміз Қазақстанымызды өзімізден басқа ешкім таза әрі одан жақсы ете алмайды.
Әрине, қалалардағы, ауылдардағы, көшелер мен аулалардағы тазалық пен тәртіп күн сайын сақталуы тиіс, сенбіліктер тұрғындардың сапалы өмір сүруге деген күнделікті ұмтылысы мен күш-жігерін алмастыра алмайды.
Сондықтан Президент Қ.Тоқаевтың «Таза Қазақстан» бастамасы - бұл ең алдымен әркімнің өз үйіне, өмір сүретін ортасына деген жауапкершілігі. Бұл біздің сүйікті қалаларымыз бен ауылдарымыздың тартымды келбетіне әркімнің үлес қосуының маңыздылығын бағалаудың тағы бір жақсы, тіпті жаһандық себебі.
Бұл тек біздің қоршаған ортамызға және біз тұратын жерлерімізге ғана емес, сонымен қатар біздің істерімізге де қатысты: тазалық пен адалдық істеріміз бен өміріміздегі әділдік пен тәртіптің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.