2025 жылғы 31 шілде мен 2 тамыз аралығында Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің XII Спартакиадасы аясында спорттық самбодан жарыстар өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.
Шараны ФСО «Динамо» орталық спорт қоғамы ұйымдастырды. Бүкіл ел бойынша 150-ден астам спортшыдан құралған 25 команда қатысты.
Ұлттық ұлан құрамасы алғаш рет тарихта айқын басымдықпен жеңіске жетіп, жалпыкомандалық есепте 1-орын алды. Олар ІІМ командасын (2-орын) және ФСО «Динамо» командасын (3-орын) артта қалдырды.
Ұлттық ұлан сарбаздарының жекелей нәтижелері
58 келі – 1 орын
- қатардағы жауынгер Әділет Елемесов (5451 әскери бөлім);
64 келі – 1 орын
- қатардағы жауынгер Нұрсұлтан Нүрсейітов (6654 әскери бөлім);
71 келі – 3 орын
- қатардағы жауынгер Махамбет Қонысбаев (3660 әскери бөлім);
79 келі – 1 орын
- қатардағы жауынгер Тілек Тоқтасынов (5573 әскери бөлім);
88 келі – 2 орын
- қатардағы жауынгер Азат Қуанов (6655 әскери бөлім);
98 келі – 1 орын
- қатардағы жауынгер Еламан Қойшыбаев (6636 әскери бөлім);
+98 келі – 1 орын
- қатардағы жауынгер Санжар Жабборов (5573 әскери бөлім).
Бұл жеңіс – Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің жоғары физикалық дайындығының, жауынгерлік рухы мен кәсіби шеберлігінің жарқын дәлелі. Олар беделді жарыстарда Ішкі істер министрлігін абыройын асқақтатып жүр.