Қазақстанның бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды.
Синоптиктердің болжамынша, еліміздің оңтүстігінде ауа температурасы 43 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды DKnews.kz.
Батыс өңірлерде қатты ыстық күтіледі. Ауа температурасы: Атырау облысында + 35 + 39 ° C, Маңғыстау облысында + 38 + 40 ° C, БҚО + 35 + 37 ° C болады.
Еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталық бөлігінде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ соғып, қатты жел соғып, тұман түсуі мүмкін.
Барлық өңірлерде төтенше өрт қаупі сақталады.
Дауылды ескертулер сақталады:
02-07 тамызда Атырау облысында ауа температурасы күндіз +33+38°С-тан +34+39°С қатты ыстыққа дейін, облыстың оңтүстігінде +41°С өте қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Температуралық фонның жоғарылауы болжамымен төтенше өрт қаупі сақталады.
02-09 тамызда Маңғыстау облысында ауа температурасы күндіз +35+40°С-тан +37+42°С қатты ыстыққа дейін, облыстың оңтүстігінде +44°С өте қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі.
02-10 тамызда Қызылорда облысында ауа температурасы күндіз +30+35°С-тан +38+43°С қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Температуралық фонның жоғарылауына байланысты төтенше өрт қаупі сақталады.
02-10 тамызда Түркістан облысында ауа температурасы күндіз +30+35°С-тан +38+43°С қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Температуралық фонның жоғарылауына байланысты төтенше өрт қаупі сақталады.
Дауылды ескертулер күтіледі:
Астана қ.: түнде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі.
Алматы қ.: күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 18-23 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Шымкент қ.: төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Облыс бойынша найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с. Облыстың шығысында, батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Облыс бойынша найзағай күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Павлодар облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.
Түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысында жел солтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік жартысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 38-40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, орталығында 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.