Атырауда өткен халықаралық жарыста қазақстандық құтқарушы жеңімпаз атанды

1386
Фотосурет: Gov

ТЖМ құтқарушысы халықаралық фестивальдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Атырау облысы Құрманғазы ауданының Теңіз ауылында өткен халықаралық «Lotus Fest–2025» мәдени-туристік фестивалі аясында алыптар сайысы ұйымдастырылды. Күш пен төзімділікке негізделген бұл жарыс көрермендер үшін ерекше әсерге толы сәттердің біріне айналды.

Жарысқа 11 спортшы қатысып, 7 түрлі сайыста бақ сынасты. Әрбір қатысушы ең мықты және төзімді атану үшін өз күші мен шыдамдылығын дәлелдеуге тырысты.

Құрманғазы ауданының ТЖ бөлімі №7 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Ерсейт Бралин халықаралық фестиваль аясында өткен күштілер сайысында 1-орынға ие болды. Енлі ол қыркүйек айында Алматы қаласында өтетін республикалық «Ақбидай» жарысына қатысады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -