Шығыс Қазақстан облысында тұқым мен агротехнологияларға арналған көрме өтті

1210
Фотосурет: Сенаттың Баспасөз қызметі

Парламент Сенатының депутаты Ольга Булавкина Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданында өткен Дала күніне арналған шараға қатысты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Шара аясында элиталық тұқымдар, келешегі бар сұрыптар мен будандардың, сондай-ақ заманауи агротехнологияны қолдана отырып өсірілген жеміс-жидек дақылдары өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылды. Қатысушылар өсімдік шаруашылығы саласындағы ғылыми соңғы жаңалықтармен танысып, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі мен тұрақтылығын арттыру мәселелері бойынша тәжірибе алмасты.

Аграрлық ғылымды дамыту, инновациялық шешімдерді енгізу, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің ғылыми жетістіктерге қол жеткізуін кеңейтудің өзекті тақырыптарына, сондай-ақ аграрлық секторды мемлекеттік қолдау шараларына ерекше назар аударылды.

Ольга Булавкина өз сөзінде ауыл шаруашылығы еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі мен әлеуметтік-экономикалық дамуында шешуші рөл атқаратынын атап өтті.

«Парламенттік бақылау аясында агроөнеркәсіп кешені саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың тиімділігіне ерекше назар аударып отырмыз. Ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау, отандық сорттарды ілгерілету, ғылыми базаны нығайту және инновацияны енгізу – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттары. Ауылдық аумақтарды орнықты дамыту мен ішкі және сыртқы нарықтағы өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру оларды іске асыруға байланысты», - деп атап өтті сенатор.

Қатысушылар талқылау қорытындысы бойынша Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін одан әрі дамытудың маңызды шарты ретінде мемлекет, ғылым және бизнес арасындағы өзара іс-қимылды нығайту қажеттігін айтты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -