Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрін пара алды деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды DKNews.kz.
Ресми мәліметке сәйкес, аталған тұлғаға қатысты сот санкциясымен күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды.