Ұлттық ұлан – цифрлық жүйеге толықтай көшті

1386
Фотосурет: ҚР Ұлттық ұланы “Батыс” ӨңҚ баспасөз қызметі

Қазіргі таңда еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын Ұлттық ұланда цифрландыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде, деп хабарлайды DKNews.kz.

Әскердің басқару жүйесінен бастап, құжат айналымы мен сарбаздарды даярлау процесіне дейінгі барлық бағыттар бүгінгі күні электронды форматқа көшкен.

Ұлттық ұланда кіріс және шығыс құжаттар енді қағазбастылықсыз, бірыңғай электронды жүйе арқылы жүзеге асырылады. Бұл тек рәсімдеуді жеделдетіп қана қоймай, ақпараттың құпиялығын сақтауға, басқарушылық шешімдерді тез қабылдауға жол ашып отыр.

Сондай-ақ сарбаздардың оқу жетістіктері, атыс және жауынгерлік даярлықтағы бағалары мен көрсеткіштері де арнайы деректер базасына тіркеліп отырады. Осы жүйенің аясында үздік нәтиже көрсеткен жауынгерлерге жыл соңында “Сарбаз 2.0” бағдарламасы арқылы жоғары білімге тегін гранттар ұсынылады.

Сонымен қатар, әрбір әскери қызметші өзінің дербес компьютерінен Ұлттық ұланның ресми порталына кіріп, жаңа шыққан бұйрықтармен, жаңалықтармен және әдістемелік құжаттармен күнделікті танысып отыру мүмкіндігіне ие.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -