Оқиға Өскемен қаласындағы №16 қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде болған, деп хабарлайды DKNews.kz.
Ұлттық ұланның 6699 әскери бөлімінің қызметкерлері қырағылық үлгісін танытты. Түзеу мекемесіне жиһаз кіргізуге рұқсат алған көлік құралын тексеру барысында SIM карта қондырылмаған ұялы телефон табылды. Байланыс құрылғысы "Газель" маркалы жүк көлігімен тасымалданған жиһаз тартпаларының ішінде жасырылған.
Жүк көлігінен тыйым салынған зат тәркіленген азамат ұландықтарға смартфонды абайсызда мекеме аумағына алып өтпек болғанын айтып, ақталуда. Оқиға орнына жедел тергеу тобы шақыртылып, тыйым салынған заттарды тәркілеу актісі түзілді. Қазір аталған дерек бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.