Air Astana тобы 2025 жылғы бірінші жарты жылдығындағы жұмыс қорытындысын жариялайды.
Жалпы кіріс пен басқа да табыс 12,1% өсіп 658,2 млн АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды DKNews.kz.
EBITDAR көрсеткіші 24,1% өсіп 157 млн АҚШ долларын құрады, ал EBITDAR көрсеткішінің маржасы 23,9% болды.
Таза пайда (PAT) 131,9% өсіп, 10,7 миллион АҚШ долларын құрады. Тасымалданған жолаушы саны 11,6% өсіп 4,5 млн адамға жетті*.
*Көрсеткіштер 2024 жылғы бірінші жартыжылдығымен салыстырылып берілді.