Көлік министрлігі орталық аппарат пен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері үшін жасанды интеллект тақырыбында оқыту семинарын ұйымдастырды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Семинар барысында қатысушылар жасанды интеллектті енгізудің мүмкіндіктері мен тәуекелдерін талқылап, заманауи технологиялар мен олардың практикалық қолданылуымен танысты.
Басты спикер ретінде Yandex компаниясының онлайн университетіндегі Data Science бағытының жетекші сарапшысы Евгений Арзамасцев сөз сөйлеп, жасанды интеллекттің мемлекеттік басқару мен түрлі салаларда қолданылуы туралы жан-жақты баяндама жасады.
Министрлік цифрлық сауаттылықты арттыру, жетекші технологиялық компаниялармен әріптестікті нығайту және көлік саласына инновациялық шешімдерді енгізу бағытындағы жұмысты жалғастырады.