Қазақстанда жүк көліктерін жалған тіркеу схемасы әшкереленді

1287
Фотосурет: Gov

ҚМА Ақтөбе облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен прожалған құжаттарды пайдалана отырып, жүк автокөліктерін заңсыз тіркеумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ұйымдасқан топтың қатысушылары жалған сатып алу-сату шарттарын, көлік құралдарын тексеру туралы жалған актілерді қолданып, «Автоіздеу» ақпараттық жүйесіне шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер енгізу арқылы 77 жүк көлігін бастапқы тіркеуден өткізген.

Аталған заңсыз әрекет Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының аумағында салық заңнамасында белгіленген рәсімдерді әдейі айналып өту үшін жүргізілген.

Бастапқы тіркеу алымдарын төлемеу салдарынан мемлекетке келген жалпы залал 740 миллион теңгеден асты.

Сот шешімімен ұйымдастырушылар қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасуда.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -