Orbis Auto премиум нарығындағы қарқынын арттырып келеді

4873
Фотосурет: Orbis Auto компаниясының рұқсатымен

Премиум сегментіндегі жалпы бәсеңдеуге қарамастан, Orbis Auto автокөлік тобы жарты жыл ішінде елеулі өсімге қол жеткізді: премиум модельдердің сатылымы өткен жылдың алғашқы алты айымен салыстырғанда 52%-ға артып, 760 бірлікке жетті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бұл көрсеткіш компанияға Қазақстандағы жаңа премиум автокөліктер нарығында 29% үлеске ие болуға мүмкіндік берді.

Премиум сегменттегі мұндай өсім Audi (+96,3%), Porsche (+42,4%), Cadillac (+20,4%), сондай-ақ Infiniti мен Lexus брендтерінің тұрақты динамикасының арқасында мүмкін болды. 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Audi маркасының Қазақстандағы сатылымы 212 автокөлікке жетіп, өткен жылмен салыстырғанда екі есеге жуық өсті. Porsche 205 көлік сатып, былтырғы 144 автокөлік көрсеткішінен айтарлықтай жоғары нәтижеге жетті. Infiniti – 137, Cadillac – 136 автокөлік сатқан, бұл да былтырғы 113 көлікпен салыстырғанда жақсы көрсеткіш. Сонымен қатар, Lexus брендінен 73 автокөлік сатылған.

Orbis Auto портфеліндегі премиум санатындағы модельдердің қатарында кроссоверлер жоғары сұранысқа ие. Porsche маркасында Cayenne моделі көш бастап тұр (109 автокөлік сатылды), Audi-де Q5 моделі (110 бірлік) және Cadillac-тің сатылымының 87%-дан астамы Escalade (119 автокөлік) флагманына тиесілі болды. Сондай-ақ, 2025 жылдың алғашқы алты айында Қазақстанда 97 Infiniti QX80 жол талғамайтын көлігі сатылды, ал жаңа премиум-класты электромобильдер санатында 111 ZEEKR 001 және 100 ZEEKR X көлігі сатылды.

Orbis Auto бас директоры Динара Искакова премиум сегментіндегі қалыпты нарықтық жағдайда сатылымдардың оң динамикасы компания стратегиясының тұрақтылығын және клиенттер тарапынан жоғары сенім деңгейін растайтынын атап өтті.

«Премиум сегментіндегі динамиканың бәсеңдеуіне қарамастан, біз өз позициямызды сақтап қана қоймай, оны күшейте алдық. Бұл брендтермен жүйелі жұмысымыздың, баға саясатының дәлдігі мен жоғары сервистің нәтижесі. Клиенттеріміз біздің қызметімізді нарықтағы ең үздіктердің бірі деп бағалайды. Қазіргі премиум сатып алушы – талапшыл, бірақ сонымен қатар ол құндылықты, сапаны және сенімді жоғары бағалайды. Orbis Auto стратегиясы дәл осы қағидаттарға негізделген» Динара Искакова

2025 жылдың алты айының қорытындысы бойынша Orbis Auto жаңа автокөліктерінің жалпы сатылымы 11 003 бірлікті құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,2%-ға артық. Компанияның Қазақстан автонарығындағы үлесі 11%-ды құрады.

Негізгі үлесті Geely маркасы қамтамасыз етті – 4212 көлік сатылған. Бұл компания портфелінің 38%-ын, әрі Geely маркасының Қазақстандағы барлық сатылымының 80%-ын құрайды. Басқа брендтер арасында Hyundai (2581 автокөлік) және Toyota (1519) бар, олардың бренд сатылымындағы Orbis Auto-ның үлесі 33,5%-ды құрады. Сонымен қатар, EXEED (793), Kaiyi (563), Haval (277) және ZEEKR (203) сияқты брендтер де жоғары көрсеткіштерге ие.

Orbis Auto сатылымдары Қазақстанның барлық аумағы бойынша тараған – компания автокөліктері еліміздің 12 қаласында сатылуда. Ең көп сатылым Алматы (3245 автокөлік), Астана (1703), Өскемен (1360), Шымкент (1273), Павлодар (993) және Қарағанды (609) қалаларына тиесілі болды. Бұл қалалар компанияның жалпы нәтижесіне негізгі үлес қосты.

Қолданыста болған автокөліктер нарығында Orbis бөлімшесі 4099 автокөлік сатты, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5%-ға аз.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -