Судағы қауіпсіздік: ТЖМ ауқымды рейдтер жүргізуде

1199
Фотосурет: Gov

Шомылу маусымында судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мақсатында ТЖМ қызметкерлері белсенді профилактикалық жұмыс жүргізуде. Құтқарушылар балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бүгінгі күні еліміздің су айдындарында шомылуға рұқсат етілген 722 орын бар. Еліміздің су айдындарында суға шомылуға болмайтыны және тыйым салынғаны туралы «Шомылуға тыйым салынады» деген 6730 ескерту белгісі  орнатылды. Тыйым салынған және рұқсат етілген шомылу орындары туралы деректер «2GIS» платформасында орналастырылған.

ТЖМ тарапынан ІІМ қызметкерлерінің қатысуымен 58 мыңнан астам патрульдеу және рейдтік іс-шара өткізілді. Рейдтік іс-шаралардың нәтижесінде 3 877 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

  Патрульдеуді жүзеге асыру үшін бекітілген су айдындарында тәулік бойы қызмет атқаратын 41 стационарлық және 201 мобильдік бекет қойылды.

  Шомылу маусымы басталғалы ТЖМ құтқарушыларының жедел әрекетінің арқасында 164 адам, оның ішінде 68 бала құтқарылды.

  Су айдындарында болған жазатайым оқиғалардың көпшілігі рұқсат етілмеген және жабдықталмаған су көздерінде болады. Әрбір азамат су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауы тиіс.

  Ел аумағындағы су айдындарында адамдардың қаза болу фактілерінің алдын алу және азайту мақсатында ТЖМ су жанында болған кезде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын ескертеді.

  Олардың негізгілері:

- тек рұқсат етілген (жабдықталған) жерлерде шомылыңыз;

- суға шомылуға тыйым салынған жерлерге суға түсуге қатаң тыйым салынады;

- су маңындағы демалыста алкогольді пайдаланбаңыз;

- буйкалардан асып жүзбеңіз;

- жартастардан, шатқалдардан және осы мақсаттарға арналмаған басқа жерлерден суға секірмеңіз;

- су көліктеріне жақын жүзуге болмайды;

- дабыл туралы жалған дыбыстар шығармаңыз;

- ең бастысы, балаларды қараусыз қалдырмаңыз.

  Барлық азаматтарды өзінің және жақындарының өміріне барынша жауапкершілікпен қарауға шақырамыз. Жоғарыда аталған ережелерді қатаң сақтаңыздар.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -