Қаржы министрлігі құрылыс саласын қатаң бақылауға алады

1023
Фотосурет: borevina/ Pixabay.com

Кез келген адамды орындалатын жұмыстың сапасы алаңдататыны белгілі. Құрылыс, жөндеу жұмыстары немесе материалдарды жеткізу сынды қызметті ұсынатын ұйымдардың қажетті біліктілігі мен жауапкершілігі болғаны абзал. Неге десеңіз, мол тәжірибенің болуы бүгінде түрлі жобаны сәтті аяқтаудың кепіліне айналды. Бұл ретте ҚР Қаржы министрлігі салалық мемлекеттік органдармен және «Атамекен» ҰКП бірлесіп, құрылыс секторындағы мемлекеттік сатыпалым нарығына қатысушылардың тәжірибесін бағалаудың қолданыстағы тетіктерін қайта қарауға кіріскенін айта кетейік, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жұмыс тәжірибесін растаудың тың тәсілдеріне мыналар кіреді:

  • Тапсырыс беруші үкіметтік емес заңды тұлғалар болып саналатын әрі бюджеттен тыс жобалар бойынша техникалық жағынан күрделі нысандар бойынша тәжірибені есепке алу (ақпарат «Мемсараптама» РМК жүйесі арқылы расталады);
  • Есепке алынатын нысандардың санын шектеу – қатысушының баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарт ретінде тәжірибені бағалау кезінде жылына үш нысаннан аспауы тиіс;
  • Мемлекеттік инвестициялар есебінен ғана қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің нысандары бойынша тәжірибені растау (сараптама қорытындысында көрсетіледі);
  • Квазимемлекеттік сектордың нысандары бойынша қосымша талаптар: расталатын құжаттардың қатарында хабарлама талоны мен сараптама қорытындысы талап етіледі.

Қаржы министрінің м.а. 2025 жылдың 6 тамызындағы №425 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (ҚР ӘМ 2025 жылғы 6 тамызда № 36586 болып тіркелді) тиісті бұйрығы алғаш рет ресми жарияланған (zan.gov.kz) күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -