БҚО-да Астананың абаттандыру саласындағы озық тәжірибесі қолданылатын болады

1529
Фотосурет: Gov

Астана қаласының Урбанистика орталығының директоры Елнар Базыкен жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес, Орал қаласында жаңа ұлттық стандарттарға сай қоғамдық кеңістікті абаттандыру үшін арнайы жер телімі белгіленді. Бұл – қалалық ортаны заманауи, қолайлы әрі жайлы етуге бағытталған қадам.

Сапар барысында өңірді дамыту, қоғамдық кеңістіктерді жаңғырту, көше инфрақұрылымын жақсарту және қала келбетіне заманауи урбанистік шешімдерді енгізу мәселелері талқыланды.

Елнар Базыкен урбанистика саласындағы үздік тәжірибелермен бөлісіп, қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бірқатар ұсыныстарын ортаға салды.

Сонымен қатар, Астана қаласының Урбанистика орталығымен бірлесіп жүзеге асырылуы мүмкін жобалар қарастырылып, келешек ынтымақтастықтың бағыттары пысықталды.

Кездесу қорытындысында Батыс Қазақстан облысы әкімдігі мен Урбанистика орталығы өзара әріптестікті жалғастыруға ниетті екенін жеткізді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -