Дабылды ескерту: Қазақстанның кейбір өңірлерінде ауа температурасы +43°С-қа дейін көтеріледі

1529
Фотосурет: DKNews

«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстан бойынша дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды DKNews.kz.

ҚР бірқатар өңірлерінде - +44°C дейін қатты ыстық және төтенше өрт қаупі бар:

  • Маңғыстау, Түркістан, ,Жетісу, Жамбыл, Алматы, Қызылорда облыстарында күндізгі ауа температурасы +43°С дейін көтеріледі
  • Кейбір өңірлерде найзағай, бұршақ, дауыл және желдің екпіні 28 м/с дейін жетуі мүмкін

Дауылды ескертулер сақталады:

02-09 тамызда Маңғыстау облысында ауа температурасы күндіз +35+40°С-тан +37+42°С  қатты ыстыққа дейін,  облыстың оңтүстігінде +44°С өте қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі.

02-10 тамызда Қызылорда облысында ауа температурасы күндіз +30+35°С-тан  +38+43°С  қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Температуралық фонның жоғарылауына байланысты  төтенше өрт қаупі сақталады.

02-10 тамызда Түркістан облысында ауа температурасы күндіз +30+35°С-тан  +38+43°С  қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Температуралық фонның жоғарылауына байланысты  төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы қ.: 09-10 тамызда күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі.

Дауылды ескертулер күтіледі:

Шымкент қ.: 09 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

09-13 тамызда Алматы, Жетісу облыстарында ауа температурасы күндіз +30+35°С-тан +34+39°С қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Температуралық фонның жоғарылауы болжамымен облыстардың басым бөлігінде  төтенше өрт қаупі күтіледі.

09-13 тамызда Жамбыл облысында ауа температурасы күндіз +32+37°С-тан +34+39°С  қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Температуралық фонның жоғарылауы болжамымен облыстың басым бөлігінде  төтенше өрт қаупі күтіледі.

11 тамызда Қызылорда облысында күндіз қатты ыстық +36+41°С сақталады. Температуралық фонның жоғарылауына байланысты  төтенше өрт қаупі сақталады.

11-13 тамызда Түркістан облысында күндіз қатты ыстық +36+41°С сақталады. Температуралық фонның жоғарылауына байланысты  төтенше өрт қаупі сақталады. 

09 тамызда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

09 тамызда түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.

09 тамызда Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

09 тамызда түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың  шығысында, оңтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай, күндіз найзағай, облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с. Облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

09 тамызда таңертең және күндіз Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 39 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, ортасында жоғары өрт қаупі сақталады.

09 тамызда Түркістан облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.

09 тамызда Жетісу облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

09 тамызда күндіз Қызылорда облысында 40-42 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстік жартысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік жартысында жоғары өрт қаупі сақталады.

09 тамызда түнде және таңертең Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.                                                                                                        

09 тамызда түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

09 тамызда Павлодар облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай, күнлдіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз солтүстікте, оңтүстікте, шығыста екпіні 15-20 м/с.

09 тамызда түнде Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

09 тамызда күндіз Атырау облысының батысында найзағай күтіледі. Күндіз облыс бойынша 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

09 тамызда күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

09 тамызда Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз 38-40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.

09 тамызда Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -