Қазақстан мен Корея еңбек көші-қоны саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

1254
Фотосурет: Gov

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев пен Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжо Тэ-ик екіжақты кездесу өткізді. Келіссөздер барысында тараптар елімізді оңтүстіккореялық шетелдік азаматтарға жұмыс істеуге рұқсат беру жүйесіне – Employment Permit System (EPS) енгізу бойынша алдағы қадамдарды талқылады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Асқарбек Ертаев Чжо Тэ-икті қазақстандық азаматтардың Корея Республикасында заңды, қауіпсіз және тәртіпке келтірілген жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан қабылдап жатқан шаралар кешені туралы хабардар етті.

Тараптар осы саладағы ынтымақтастықты нығайтуға келісті.

Вице-министр Корея Республикасының Елшілігіне сындарлы және татымды диалог үшін алғысын білдірді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -