Ташкентте Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған конференция өтті

3300
Фотосурет: oq.gov.kz

Ташкент қаласында қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы және ойшылы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шараны Өзбекстан Жазушылар одағы, Өзбекстан Ұлтаралық және шетелдегі отандастар мәселелері жөніндегі комитет, сондай-ақ Өзбекстандағы Қазақ ұлттық мәдени орталығы бірлесіп ұйымдастырды.

Конференция жұмысына “Отандастар қоры” КеАҚ Коммуникация және халықаралық ынтымақтастық департаментінің басқарушы директоры Ержан Мұқаш қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Ол Абай мұрасының қазақ және өзбек халықтарының мәдени байланыстарын нығайтудағы маңызын атап өтті.

Шара аясында қатысушылар Ташкенттегі Абай ескерткішіне барып, гүл шоқтарын қойып, ұлы ойшылдың рухына тағзым етті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -